Жаңалықтар

«АЙТЫСКЕР» I РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАС АҚЫНДАР АРАСЫНДАҒЫ БЕЙНЕРОЛИКТЕР БАЙҚАУЫ


«АЙТЫСКЕР» I РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАС АҚЫНДАР АРАСЫНДАҒЫ БЕЙНЕРОЛИКТЕР БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ

  • Байқауға кім қатыса алады? 14-18 жас аралығындағы жастар.

  • Қашан? 2024 жылғы 15 ақпан - 15 наурыз аралығында.

Қатысу шарттары:

  • 2024 жылдың 15 ақпан - 15 наурыз аралығында https://aitys.elumiti.kz/ сайтында байқауға тіркеліп, төменде көрсетілген 4 тақырып бойынша 2-ін таңдап, айтыс форматында (өлеңмен, айтыс мақамымен және музыкалық аспаптың сүймелдеуімен) 2 бейнеролик дайындау:

1) Абай Құнанбайұлының 45 қара сөздері (біреуін таңдау қажет);

2) Тәуелсіздік жолын жалғастырар ұрпақ;

3) Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды;

4) Жасанды интеллект – адамзат үшін қауіпті ме? Жасанды интеллекттің маңызы неде?

Қатысушы бейнероликтің басында өзін өзі таныстыруы қажет.

Әрбір бейнеролик 3 минуттан аспауы қажет.

  • бейнероликтерді Instagram немесе Tik Tok желісіндегі жеке парақшасында #айтыскер2024 хэштегімен салып, @el_umiti.kz және @aitys.elumiti парақшаларын белгілейді немесе аты-жөнін, өңірін, туған күнін көрсете отырып, бейнероликтерді aitys.elumiti@gmail.com электронды поштасына жібереді.
  • Байқау нәтижелері 2024 жылдың 29 наурыз күні https://aitys.elumiti.kz/ сайтында және @el_umiti.kz, @aitys.elumiti парақшаларында орналастырылады.

Байқауға тіркелген Қатысушылар автоматты түрде «Aitys club» мүшесі атанады.