«АЙТЫСКЕР» I РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАС АҚЫНДАР АРАСЫНДАҒЫ БЕЙНЕРОЛИКТЕР БАЙҚАУЫ
«АЙТЫСКЕР» I РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАС АҚЫНДАР АРАСЫНДАҒЫ БЕЙНЕРОЛИКТЕР БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ
Байқауға кім қатыса алады? 14-18 жас аралығындағы жастар.
Қашан? 2024 жылғы 15 ақпан - 15 наурыз аралығында.
Қатысу шарттары:
2024 жылдың 15 ақпан - 15 наурыз аралығында https://aitys.elumiti.kz/ сайтында байқауға тіркеліп, төменде көрсетілген 4 тақырып бойынша 2-ін таңдап, айтыс форматында (өлеңмен, айтыс мақамымен және музыкалық аспаптың сүймелдеуімен) 2 бейнеролик дайындау:
1) Абай Құнанбайұлының 45 қара сөздері (біреуін таңдау қажет);
2) Тәуелсіздік жолын жалғастырар ұрпақ;
3) Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды;
4) Жасанды интеллект – адамзат үшін қауіпті ме? Жасанды интеллекттің маңызы неде?
Қатысушы бейнероликтің басында өзін өзі таныстыруы қажет.
Әрбір бейнеролик 3 минуттан аспауы қажет.
бейнероликтерді Instagram немесе Tik Tok желісіндегі жеке парақшасында #айтыскер2024 хэштегімен салып, @el_umiti.kz және @aitys.elumiti парақшаларын белгілейді немесе аты-жөнін, өңірін, туған күнін көрсете отырып, бейнероликтерді aitys.elumiti@gmail.com электронды поштасына жібереді.