Жаңалықтар

«Айтыскер» II бейнероликтер байқауының қорытындысы

Құрметті достар кеше «Айтыскер» II республикалық жас ақындар арасындағы бейнероликтер байқауы бойынша қазылар алқасының отырысы өтті.

Қазылар алқасы төрағасы:

- айтыскер ақын, Мәдениет саласының үздігі, Л. Гумилев атындағы ЕҰУ Филология факультетінің деканы, ф.ғ.к., доцент Дүйсенғазы Серікзат Мақсұтұлы.

Қазылар алқасы мүшелері:

- айтыскер ақын, Мәдениет саласының үздігі Көпбосын Өміржан Ғабдұллаұлы;

- «EdTech KN» жауапкершілігі шектеулі серіктестінің басшысы Онайбаев Азамат Тасыбайұлы.

🎥🥁🔥Байқаудың қорытындысы:

😍 Гран-при – Мансұров Нұрахмет, Қызылорда облысы

🎁 – 200 000 теңге;

😍 I-орын – Ерсаинов Марсель, Атырау облысы

🎁 – 150 000 теңге;

😍 ІІ-орын – Баян Бекзат, Батыс Қазақстан облысы

🎁 – 100 000 теңге;

😍 ІІІ-орын – Асылбекқызы Диана, Алматы облысы

🎁 – 50 000 теңге.

👏 Қазылар алқасының шешімі бойынша келесі қатысушылар Арнайы жүлделермен марапатталады:

😍 Қанайбек Диана (Алматы облысы), Серікболат Сәттібек (Ақмола облысы), Еркінқызы Нұрсезім (Астана қаласы)

🎁 – Ілияс Есенберлиннің 6 томдық толық шығармалар жинағы;

Барлық қатысушыларға «El Umiti» Қоры» КҚ атынан сертификат беріледі.🎉