Жаңалықтар

ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ ҰЗАРТЫЛДЫ

«АЙТЫСКЕР» I РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАС АҚЫНДАР АРАСЫНДАҒЫ БЕЙНЕРОЛИКТЕР БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ

- Байқауға кім қатыса алады? 14-18 жас аралығындағы жастар.

- Қашан? 2024 жылғы 15 ақпан – 20 сәуір аралығында.

Байқаудың мақсаты – жастар арасында баға жетпес асыл мұра ретінде Айтыс өнерін жан-жақты қолдау және дамыту.

Қатысу шарттары:

- 2024 жылдың 15 ақпан - 20 сәуір аралығында https://aitys.elumiti.kz/ сайтында байқауға тіркеліп, төменде көрсетілген 5 тақырып бойынша 2-ін таңдап, айтыс форматында 2 бейнеролик дайындау:

1) Абай Құнанбайұлының 45 қара сөздері (біреуін таңдау қажет);

2) Тәуелсіздік жолын жалғастырар ұрпақ;

3) Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды;

4) Жасанды интеллект – адамзат үшін қауіпті ме? Жасанды интеллекттің маңызы неде?

5) Заманауи Қазақстан - көпұлтты мемлекет.

Қатысушы бейнероликтің басында өзін өзі таныстыруы қажет. Әрбір бейнеролик 3 минуттан аспауы қажет.

- қатысушылар бейнероликтерде өзінің орындаушылық шеберлігін, әдеби тіл байлығын, тақырыпты дұрыс аша білуін көрсетіп, дәстүрлі айтыс мақамын үйлестіре қолдану, тақырыптан ауытқымай, ұйқастыра жеткізеді.

- бейнероликтерді 20 сәуірге дейін Instagram немесе Tik Tok желісіндегі жеке парақшасында #айтыскер2024 хэштегімен салып, @el_umiti.kz және @aitys.elumiti парақшаларын белгілейді немесе аты-жөнін, өңірін, туған күнін көрсете отырып, бейнероликтерді aitys.elumiti@gmail.com электронды поштасына жібереді.

- байқау нәтижелері 2024 жылдың 3 мамыр күні https://aitys.elumiti.kz/ сайтында және @el_umiti.kz, @aitys.elumiti парақшаларында орналастырылады.

- байқау жеңімпаздарына Гран-при, I, II, III дәрежелі дипломдар және ақшалай сыйақы қарастырылып отыр.

Байқауға тіркелген Қатысушылар автоматты түрде «Aitys club» мүшесі атанады.