Конкурстар

«Қола домбыра - 2024» Республикалық жас ақындар айтысы

КОНКУРСТЫҢ МАҚСАТЫ:

Айтыс өнерін мәдениеттің баға жетпес асыл мұрасы ретінде халыққа жан-жақты насихаттап, оның жастар арасында дамуына қолдау көрсету;
МІНДЕТТЕРІ:

  • болашақ ұрпаққа айтыс өнерін жеткізу, айтыс өнерін одан әрі дамытып, сапалық деңгейін жақсарту;
  • шебер сөз құрау мен жоғары деңгейдегі поэзия арқылы мемлекеттік тілдің арнасын кеңейтіп, дамыту;
  • талантты, дарынды жас ақындардың ақындық шеберлігінің шыңдала түсіп, көпшілікке танылуына мүмкіндік жасау.
  • айтыс өнерін және жас ақын-импровизаторлардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
БАСТЫ ТАЛАПТАР

1. Конкурсқа 14-18 жас аралығындағы балалар қатыса алады.
2. Конкурсқа қатысу тегін.
3. Өтетін мерзімі: 2024 жылғы 15 ақпан - 15 наурыз аралығында.
ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ

1. ТІРКЕЛУ

Қатысушы 2024 жылғы 15 ақпан - 15 наурыз аралығында https://aitys.elumiti.kz/ сайтында Конкурсқа тіркелуі қажет. Конкурсқа тіркелген Қатысушылар автоматты түрде «Aitys club» мүшесі атанады.

2. БЕЙНЕРОЛИК ТҮСІРУ

2024 жылғы 15 ақпан - 15 наурыз аралығында Қатысушы төменде көрсетілген 4 тақырып бойынша 2 тақырыпты таңдап, айтыс жыры форматында импровизациялық өнер көрсетуін қамтитын 2 бейнеролик (әрбір бейнеролик 3 минуттан аспауы қажет) дайындауы керек:

1) Абай Құнанбайұлының 45 қара сөздері (біреуін таңдау қажет);
2) Тәуелсіздік жолын жалғастырар ұрпақ;
3) Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды;
4) Жасанды интеллект – адамзат үшін қауіпті ме? Жасанды интеллекттің маңызы неде?

Қатысушы 1 бейнероликтің басында өзін өзі таныстыруы қажет.

3. БЕЙНЕРОЛИК МАЗМҰНЫ

Қатысушылар бейнероликтерде өзінің орындаушылық шеберлігін, әдеби тіл байлығын, тақырыпты дұрыс аша білуін көрсетіп, дәстүрлі айтыс мақамын үйлестіре қолдану, тақырыптан ауытқымай, ұйқастыра жеткізу керек.

4. ЖАРИЯЛАУ/ПОШТАҒА ЖІБЕРУ

Қатысушы дайындалған бейнероликтерді Instagram немесе Tik Tok желісіндегі жеке парақшасында #айтыскер2024 хэштегімен орналастырып, Ұйымдастырушының @el_umiti.kz және @aitys.elumiti парақшаларын белгілеуі қажет немесе Қатысушы аты-жөнін, өңірін, туған күні, айы және жылын көрсете отырып, дайындалған бейнероликтерді aitys.elumiti@gmail.com электронды поштасына жіберуі керек.