Жаңалықтар

«Қола домбыра - 2025» айтысы бастау алды

✨«El Umiti» корпоративтік қоры Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағымен бірлесіп «Қола домбыра - 2025» республикалық оқушылар айтысының басталғаны туралы қуана хабарлайды!

Биылғы жылы Айтыс Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында көтерген мәселелерді жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен өткізіледі.✨



🔹 Айтысқа кім қатыса алады? 10-18 жас аралығындағы мектеп оқушылары.

🔹 Қашан? 2025 жылғы 1 қазан - 1 қараша аралығында:

- *Іріктеу кезеңі* – 1-17 қазан аралығы (өңірлерде);

- *I кезең* –31 қазан күні (Астана қаласында);

- *II кезең* және *Финалдық кезең* – 1 қараша (Астана қаласында).



Өткізу тәртібі :

- Республикамыздың өңірлерінде іріктеу кезеңін Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағы өзінің өңірлердегі филиалдары арқылы жүзеге асырады.

- Іріктеуден өткен қатысушылардың шығындарын (Астана қаласына бару және кері жол жүру, тамақтану, тұратын жер, Астана қаласы бойынша көлікпен жүру) Айтысқа қатысушылар өздері көтереді.

- Қатысушылар сөз сайыстыру (айтысу) барысында өзіне берілген уақытты тиімді пайдаланып, айтар ойын ұтымды әрі жүйелі жеткізулеріне баса назар аударады.

- Айтыста елдің бірлігіне, ұлтаралық татулыққа нұқсан келтіретін, конституциялық құрылысқа қарсы айтылатын сөздерге жол берілмейді.

🔹 Айтыс қорытындылары бойынша жеңімпаздарға:

- Бас жүлде иегеріне диплом, «Қола» домбыра және ақшалай сыйақы;

- I, II, III орын иелеріне дипломдар және ақшалай сыйақы беріледі.

Сондай-ақ бірқатар қатысушыларға «El Umiti» арнайы сыйлықтары қарастырылған.



Айтыс өткізу барысындағы ақпараттар @el_umiti.kz, @aitys.elumiti, @oqu_agartu_ministrligi, @aitysqazyna, @_topzhargan_ Instagram парақшаларында жарияланып отырады.

Айтыс бойынша толық ақпаратты https://aitys.elumiti.kz/ сайтында таба аласыз.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Бас жүлде иегері болып Шымкент қаласынан келген жас ақын-айтыскер Ислам Әли Біржанұлы атанды. «Қола домбыра-2024» республикалық оқушылар айтысының толық бейне түсірілімін мына жерден көре аласыздар https://youtu.be/EYEDFiNFAI0?si=AJ4QgMaPkkMinmFw