«Айтыскер» II республикалық
жас ақындар арасындағы бейнероликтер байқауы
Байқау МАҚСАТЫ
ЖАСТАР АРАСЫНДА БАҒА ЖЕТПЕС АСЫЛ МҰРА РЕТІНДЕ Айтыс өнерін ЖАН-ЖАҚТЫ қолдау және ДАМЫТу
  • болашақ ұрпаққа Айтыс өнерін жеткізу, оны одан әрі дамытып, сапалық деңгейін жақсарту;

  • шебер сөз құрау мен жоғары деңгейдегі поэзия арқылы мемлекеттік тілдің арнасын кеңейтіп, дамыту;

  • талантты, дарынды жас ақындардың ақындық шеберлігінің шыңдала түсіп, көпшілікке танылуына мүмкіндік жасау.
МІНДЕТТЕР:
  • ӨТКІЗІЛГЕН МЕРЗІМІ

    2025 жылғы 17 сәуір - 18 мамыр аралығы

  • ҚАТЫСУШЫЛАР

    12-18 жас аралығындағы жастар

ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ

ТІРКЕЛУ
Қатысушы 2025 жылғы 17 сәуір - 18 мамыр аралығында https://aitys.elumiti.kz/ сайтында байқауға тіркелуі қажет. Байқауға тіркелген Қатысушылар автоматты түрде «Aitys club» мүшесі атанады.
БЕЙНЕРОЛИК ТҮСІРУ
2025 жылғы 17 сәуір - 18 мамыр аралығында Қатысушы төменде көрсетілген 7 тақырып бойынша 2-уін таңдап, айтыс форматында (өлеңмен, арнау, айтыс мақамымен және музыкалық аспаптың сүймелдеуімен) өнер көрсетуін қамтитын 2 бейнеролик дайындауы керек:
1) Тарихқа құрмет;
2) Еңбек адамы – елдің тірегі;
3) Отбасы - қоғамның тірегі;
4) Өнер мен құндылықтар;
5) Жасанды интеллект;
6) Салт пен дәстүр – саналы ұрпақ;
7) Спорт – денсаулық кепілі.
БЕЙНЕРОЛИК МАЗМҰНЫ
Қатысушылар бейнероликтерде өзінің орындаушылық шеберлігін, әдеби тіл байлығын, тақырыпты дұрыс аша білуін көрсетіп, дәстүрлі айтыс мақамын үйлестіре қолдану, тақырыптан ауытқымай, ұйқастыра жеткізу керек. Әрбір бейнеролик 3 минуттан аспауы қажет. Қатысушы 1 бейнероликтің басында өзін өзі таныстыруы қажет.
ЖАРИЯЛАУ/ПОШТАҒА ЖІБЕРУ
Қатысушы 2025 жылғы 18 мамырға дейін дайындалған бейнероликтерді Instagram немесе Tik Tok желісіндегі жеке парақшасында #айтыскер2025 хэштегімен орналастырып, Ұйымдастырушының @el_umiti.kz және @aitys.elumiti парақшаларын белгілеуі қажет немесе Қатысушы аты-жөнін, өңірін, туған күнін көрсете отырып, бейнероликтерді aitys.elumiti@gmail.com электронды поштасына жіберуі керек.

БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУДЫҢ ПАЙДАСЫ ҚАНДАЙ?

  • Кәсіби шеберліктің деңгейін арттыру
  • Еліміздің медиа кеңістігінде ілгерілеу мүмкіндігі
  • Дарынды тұлғалармен байланыс орнату
  • Бағалы жүлделер мен сыйлықтар алу мүмкіндігі

БІЗДІҢ ЖОБАЛАР

Байланысу
БАЙЛАНЫС
БӨЛІМДЕР
БАЙЛАНЫС
FAQ
support-aitys@el-umiti.kz
+7 727 310 02 58