Қатысушылардың өнерін бағалау, сондай-ақ қорытынды шығару үшін «Айтыскер» II республикалық жас ақындар арасындағы бейнероликтер байқауының қазылар алқасы Ұйымдастырушымен бекітіледі. Қазылар алқасы құрамына республикамыздың мәдениет және өнер қайраткерлері, жас айтыскерлер, Ұйымдастырушының қалауы бойынша басқа да тұлғалар кіреді.